Басты бет

Қымбатты достар!

Бiз сiздердi «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль көліктері бөлімі» ММ ресми сайтында көруiмiзге қуаныштымыз!

Бiздiң ресми сайтымыз Сiздiң түрлi мәселелерiңiзге жауап алуға көмектеседi деп үмiттенемiз.

Бiздiң сайтқа қош келдiңiз!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi «Үздiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерi» конкурсын өткiзiп жатыр


«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль көліктері бөлімі» ММ «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органмен жалданған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

Мемлекеттiк қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы немесе мемлекеттiк қызмет стандарты негiзiнде өтiнiш берушiнiң электронды сандық қолтаңбасы болған жағдайда «Электронды үкiмет» веб порталы арқылы көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлу тәртiбi туралы толық ақпарат ТКШ бөлiмiнiң интернет-ресурсында және қабырғада орналасқан. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi кезектiң реттiк номерiнiң көрсетiлуiмен есепке қою немесе есепке қоюдан бас тарту жөнiнде негiзделген себептерiн көрсетумен дәлелдi жауап туралы хабарламаны беру болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлу мерзiмi алушының мемлекеттiк қызметтiң құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 30 күн.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 71 бабына сәйкес 2016 жылдың 1 наурызынан оларды өзектендiру мақсатында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектегiлердiң тiзiмiне түгендеу жүргiзiледi.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін есепте тұрған азаматтарға,  тұрғын үй заңнамасында көзделген тізбесі бойынша құжаттар пакетін ұсыну қажет:

  • өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесін;
  •  некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәлігінің көшірмесін;
  • өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде оларға меншік құқығына жататын тұрғын үйдің бар немесе жоқ екендігі туралы аумақтық әділет органының анықтамасын;
  • азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі және түп нұсқасы (құжаттарды салыстыру үшін) немесе тиісті елді мекенде тұратынын растайтын ауылдық округ әкімінің немесе мекен-жай бюросының анықтамасын;
  • халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар өтініш берушінің  әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынындарын (отбасына) растайтын қосымша құжаттар беру;
  •  халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (жетім-балаларды, ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды, және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесіне соңғы он екі ай ішінде кірістері туралы қосымша мәліметтер беру;
  • Мемлекеттік қызметкер санатына, бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне, әскери қызметкерлер және мемлекеттік сайланбалы лауазым орындарын атқаратын тұлғаларға жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызмет) қосымша анықтама беру;  
  • азаматтардың жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған, авариялық тұрғын-үй фактісін растайтын, белгіленген форма бойынша актіні беру;
  • мына жағдайларда, отбасы тұратын жеке тұрғын үй белгіленген санитарлық және техникалық талаптарға, не болмаса аралас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда тұратын екі және одан да көп отбасы, немесе отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен  зардап шегетін, олармен бірге бір үй-жайда (пәтерде) тұру мүмкін болмайтын науқастар болса жауап бермейді, өтініш берушілер тиісті органдардан қосымша анықтама беру;

Құжаттар пакеттерiн Тайынша қ. Қазақстан Конституциясы көшесi, 203, 1 қабат, №1 кабинетке, сенбiден басқа, күнсайын, жексенбi сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейiн ұсыну қажет.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектегiлердiң тiзiмiнде тұрған азаматтар, өзiнiң әлеуметтiк мәртебесi дәлелденбегенде және түгендеу жарияланған кезеңiнде құжаттар пакеттерi ұсынылмағанда, аудандық тұрғын үй комиссиясының шешiмiмен кезектегiлердiң тiзiмiнен шығарылуы мүмкiн.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектегілердің тізімдері «Тайынша ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сайтында орналасқан, мекен-жайы: zhkh-tsh.sko.kz.


«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 71 бабына сәйкес «Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектегілердің тізімдеріне жылсайын түгендеу жүргізеді.

Осыған байланысты, құжаттарды жаңарту үшiн есепте тұрған азаматтардың бөлiмге келуiн сұраймыз, мына мекен-жайға: Тайынша қ. Қазақстан Конституциясы көшесi, 206 үй.


Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары

Сот шешiмiмен Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының коммуналдық меншiгiне түстi деп танылған иесiз қалдықтарды басқару қағидалары

Жаңалықтар

Послание президента РКАкордаПремьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz